Карантин шаралары орындалмаса оқушылар онлайн оқиды. Үшінші тоқсан басталғалы балалар арасында сырқаттану күрт өскен. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ажар Ғинияттың ақпарынша, бүгінгі таңда барлық мектепке дейінгі ұйымдар, бастауыш сынып және қуаты 600 оқушыға дейінгі мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Оқыту форматын таңдау кезінде міндетті түрде вакциналау мен қамту деңгейі ескерілген.