Енді жалдамалы пәтерақының тең жарымын мемлекет төлеп береді. Елімізде жаңа жылдан бастап жаңа механизм іске қосылды. {ВИДЕО: }Ол бойынша баспанаға нақ мұқтаж, төлем қабілеті төмен қазақстандықтарға 50 пайыз жеңілдік жасалып отыр. Пәтерақының тең жарымын мемлекет төлеп беретін жеңілдік ең алдымен баспанаға нақ мұқтаждарға беріледі. Түзілген тізімге 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, “Алтын – “Күміс алқалы көп балалы аналар кіреді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа төлем беру тетігін әзірлеп қойды. Жалпы, бүгінгі таңда баспана кезегінде тұрған 70 мың қазақстандық бар. Оның 14970-і Талдықорғанда.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.