Қазақ қыздары арасында бокстан тұңғыш шыққан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай Іле ауданы Жетіген ауылында жасөпірімдермен жүздесті. Қолына алғаш рет былғары қолғап киіп шаршы алаңға шыққан сәттерін еске алған бойжеткен, ауыл жастарымен емен жарқын әңгімелесті. Алғашқы ұстазына алғысы мен құрметін жеткізді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.