Осы мен өлмейтін шығармын?! Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын…9 ақпан – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Халқының сүйіктісі, жауһар жырдың марқасқасы осыдан дәл 91 жыл бұрын дүниеге келді. Ол – халық ақыны. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың өзі: “Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі” деген болатын. Осыған орай ақын рухын ұлықтағандар жер-жерде ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.