Жанарбек Әшімжан ата-аналар өтінішімен Талдықорғандағы ЛА – 155/16 уақытша тергеу изоляторына барды. Қаңтар оқиғасында айып тағылып, іс қозғалған азаматтармен кездесті. Камераларды аралап, күдіктілердің бүгінгі жай-күйімен танысты. Мәжілісмен қамауда отырғандармен жеке-жеке тілдесті. Онда күдіктілер тарапынан депутатқа мекемедегі ұстау жағдайына, оның ішінде азаптауға қатысты шағым-арыздар түспеді. Тергеу изоляторының басшысы Арнай Қанатұлы халық қалаулысына прокуратура өкілдері мен арнайы комиссия тобы мекемеге жиі келетінін айтып өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.