Жеңіс жалауын желбіреткен майдангер қатары жыл санап сиреп барады. Қазір өңір бойынша 25 ардагер ғана қалған. Даңқ ескерткішіне жиылған жұртшылық тігінен тік тұрып тағзым етіп, бір минуттық үнсіздікпен соғыс жылдарындағы майдангерлерді еске алды. Облыс әкімі бастап, бүкіл жетісулықтар қоштап, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.