Сот жүйесінің қайта жаңғыруы білікті мамандарға зәру. Ол үшін жаңа келбеттегі жас заңгерлерді көптеп дайындауымыз керек. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Алматыда өткен кездесуде осылай деді.