Дарындар байқауы. Шонжы ауылында екі күн бойы халық әндерін үздік орындаушы атағы сарапқа салынды. Өнер бәйгесіне Райымбек, Кеген, Панфилов, Ұйғыр ауданының жас әнші-күйшілері қатысты. Облыстық байқау мезгілсіз өмірден өткен мәдениет қайраткерлері – Жақсылық Мырқаев, Ғалымжан Досанұлы және Ерлан Стамғазиевті еске алу құрметіне алғаш рет ұйымдастырылды.