Алматы облысындағы саяжайларға елді мекен статусын беру механизмі іске қосылады. Бастама сәтті іске асса, қалалық өмірден шет қалып қалған облыстағы 705 елді-мекеннің мәселесі шешілмек. Көп күткен жаңалық аймақ басшысының Еңбекшіқазақ ауданына сапарында айтылды. Қанат Бозымбаев тұрғындармен кездесіп, бірқатар маңызды мәселені талқылады. Қатарында газдандыру, ауыз су, әлеуметтік нысандар салу жағдайлары бар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.