Ақсудан ақжолтай хабар! Ән мен жырдың мекені саналған Ақсу ауылында мәдениет үйі ашылды. Тоқырау тұралатқалы қаңырап тұрған мәдениет ошағының жаңғырғанын ауыл халқы 33 жыл күткен еді. Бүгін көрермен залына жан кіріп, сахнасынан әуезді ән шырқалып, күй күмбірледі. Дәл бүгін ауданда сондай-ақ, Медициналық шағын мекеме мен өрт сөндіру бекеті қолданысқа берілді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.