“Ер туған жеріне”, – деген… Ақсу ауылы жанданып- жаңғыра бастады. Игі жаңалық көп. Ақсу ауданына қарасты әйгілі елді мекен тоқыраудан соң бас көтере алмай қалған еді. 2017 жылы Елбасының “Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар” атты мақаласы жарыққа шыққалы ауылға қарайласып жатқан ел азаматтары көбейіпті. Бірі – белгілі кәсіпкер, меценат Айдын Сүлеймен. Ақсуда бірнеше игі іс атқара бастады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.