8 маусым сағат 12:03. Семей қаласынан 25 шақырымдай қашықтықтағы Батпаев орман шаруашылығының 66 кварталында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт найзағайдың 2 рет соғуынан шығыпты. Өртті тез арада ауыздықтау мүмкін болмады. Себебі “Семей орманы” мемелекеттік орман табиғи резерваты техникасы биік құм төбелері орналасқан аймаққа жете алмаған көрінеді. Сол кездегі тілсіз жау орман шаруашылығынан қашықтығы 11 шақырымды алса, техника жеткенше өрт аумағы 20 гектарды шарпыған. Жоғары температура мен қатты желдің салдарынан өрт екі сағаттың ішінде 200 гектар аумаққа жетті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.