Талап қатайса, іс ілгерілейді. Бүгін Жетісу облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев Кербұлақ ауданындағы құрылыс нысандарын аралап шықты. Биыл ауданда жыл соңына дейін 400 отбасына үй берілуі тиіс. Сонымен қатар, 20 медициналық нысан салынып жатыр. Өкінішке қарай, соңғысында қарқын жоқ. Әлібек Жақанбаев мердігерлермен кездесіп, сапа мен мерзім бойынша нақты талаптар қойды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.