Әз Наурыз – игіліктің бастауы. Мәртебесі жаңа деңгейге, жаңа санатқа көтеріліп жатыр. Саналы жұрт сапаға қадам деп қабылдады. Алматы облысында да әр шарасы айрықша. Аясы – ауқымды, мән-мазмұны – салмақты. Күн менен түн теңесті. Табиғат оянды. Түркілерге тән рәсім: ел мен жер аласталды. Көпке шашу шашылды. Алматы облысы тұрғындарын аймақ әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.