Айтылды, орындалды! Көксу ауданының тұрғындары өткен жылы облыс әкімімен кездесуінде бір қатар мәселе көтерген болатын. Ең өзектісі көше жарық шамдары мен жол және сапалы медицина жайлы айтылған. Аз уақыттың ішінде аталған мәселелер түбегейлі шешімін тапқан. Бұдан бөлек ауданда білікті дәрігер тапшылығын жою мақсатында нақты жұмыстар атқарылды. 40 мыңнан астам тұрғыны бар елді-мекенге сапалы медициналық кадр тарту үшін мамандарға үстемақы мен қызметтік баспана ұсынған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






