Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту ұлттық жобасы аясында Алакөл ауданында екі емдеу мекемесі ел игілігіне берілді. Республика күні қарсаңында Қайнар және Жайпақ ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттердің лентасы қиылып, салтанатты түрде жұмысын бастады. Екі елді-мекен тұрғындарына сапалы әрі жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік туды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






