Акцияның басты мақсаты – демалушылар мен жергілікті тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатты қорғауға үндеу болды. Сондай-ақ қоғамның назарын «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» сияқты патриоттық құндылықтарға аудару. Шараға 25 адам қатысты. Тазалық жұмыстарын атқарғандардың қатарында еріктілер мен демалушылар да болды. Оларға арнайы қолғаптар мен қоқыс жинауға арналған қаптар таратылып, көл маңы тазартылды. Нәтижесінде 10 қап қоқыс шығарылды. Жастар бірлесе еңбек етіп, табиғатты таза ұстаудың маңыздылығын көрсетті
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.