Алматы облысы Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді. Оған қаланың ойын алаңын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша, бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілі ірі мөлшерде қаржы берген. Шенеунік кінәсін толық мойындаған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабаралды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қылмыстық іс азаматтардан келіп түскен шағымды тексеру нәтижесінде анықталған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.