Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Пекинде тойланбақ. Бұл туралы Алматы облысы әкімі мен Қытай елшісінің кездесуінде белгілі болды. Екіжақты ынтымақтастық мұнымен ғана тоқталмақ емес. Даму перспективалары мұнан да қарқынды. Осы мақсатта Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Алматы облысына арнайы жұмыс сапарымен келді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.