Тағы бір қуат көзі пайда болды. Алматы облысында 60 МВт жаңа жел электр станциясы Шелек дәлізінде іске қосылды. Жобалық құны 37,4 млрд теңге. Өңірдегі электр қуатының тапшылығын азайтуға мүмкіндік беретін маңызды шараның ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Сұлтағазинов қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






