Жас өрендердің жігерін жандандыру – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі. Алматы облысында «Айбын-2023» әскери-патриоттық жиыны басталды. Оған 9 аудан мен Қонаев қаласынан 150 оқушы қатысып жатыр. Аясында Жас Сарбаз қозғалысының мүшелері әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша бақ сынасады. Жеңімпаздар республикалық жарыста өңір намысын қорғайды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.