Қолөнер – зор өнер. Биыл Алматы облысында алғаш рет «ШЕБЕР – FEST» республикалық фестивалі өтеді. Оған ел аймақтары мен бірнеше қаласынан жалпы саны 42 шебер қатысады. Бұл туралы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы баспасөз жиынында мәлімдеді. Айтуынша, қолөнершілер Қонаевтағы орталық алаңға өз жұмыстарын қойып, көрме мен жәрмеңке ұйымдастырады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.