Алматы облысында үнді қарасорасының плантациясы анықталды. Полицейлер есірткі шөптерін әуе барлауы кезінде Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылының маңынан анықтаған. Қарасора алма бағында 15 гектар жерде өсірілген. Жеміс ағаштарының арасында жасырылып отырғызылған есірткі өсімдігі толық суарылып, бапталған. Ішкі істер министрлігі өкілдерінің мәліметінше, қылмыскерлер мұндай амал-тәсілдерді жиі қолданады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






