Іле ауданындағы Александр Асанов атындағы ату клубындағы мергендер жарысы 20-29 мамыр аралығында өтпек. Оған 42 елден 300-ден аса спортшы қатысуда. Спортшылардың осы жарыста спорттық рейтингті ISSF кестесі бойынша көтеруге және келесі жылы Францияда өтетін XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндіктері бар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.