Алматы облысында ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық қызу жүріп жатыр. Бұл еліміздегі агроөнеркәсіптік кешеннің шынайы келбетін айқындайтын, кемінде он жылда бір рет өткізілетін ауқымды статистикалық шара. Санақ 1 тамыздан, 20-сы қазанға дейін өтеді деп жоспарланған. Аясында аграрлық саладағы өндірістің жағдайы, өнімділік, техникамен жабдықталу және еңбек ресурстары туралы толық әрі егжей-тегжейлі мәліметтер жиналады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.