Алматы облысында жалған ақша жасаушылар ұсталды. Полиция департаментінің қызметкерлері 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізіп жүрген екі азаматты анықтаған. Кезекті жалған ақшаны өткізу барысында күдіктілер ұсталып, тінту жүргізілген. Нәтижесінде 6,5 мың АҚШ доллары тәркіленді. Департамент өкілдерінің мәліметінше, кінәлі тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.