Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Енді алып мегаполисті жылумен қамтып отырған мекеменің жұмысы жеңілдейді. Оған қоса Алматы облысының екі ауданы үздіксіз газбен қамтылады. Себебі, орталықты газға көшіру жұмысының бірінші кезеңіне «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральдық газ құбырларын біріктіретін ТІР-04 жалғастырғыш құбырлары кірді. Айта кетейік, оның жалпы ұзындығы –10 км-ге жуықтайды. Ал өнімділігі сағатына 1 мың метр куб. Газбен қамту ауқымы артқан жобаның іске қосылу барысына Алматы мен Алматы облысы әкімінің орынбасарлары қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.