Алматы облысы бүгінгі таңда әлемнің 100 елімен сауда ынтымақтастығын жүргізуде. Биылғы он айда экспорт айналымы – 120 миллиардтан асып, ал импорт – шамамен бір триллион екі жүз миллион теңгеге жеткен. Бұл туралы “Туған жерге тағзым” өңірлік форумында айтылды. 200-ге жуық компания өкілдері қатысқан жиында өңір басшысы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру туралы бірқатар меморандумға қол қойды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






