Алматы облысының орталығы Қонаевта 45 516 дауыс беруші бар. Олардың осы уақытқа дейін 67,5 пайызы таңдау жасап үлгерген. Мәселен шаһардағы ірі сайлау учаскелерінің бірі, мәдениет үйінде орналасқан № 949 сайлау бөлімшесіне тіркелген халықтың тең жартысынан астамы түскі үшке дейін дауыс беріп үлгерді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.