Алматы облысының экспорттық әлеуеті артып келеді. Бүгінде агроөнеркәсіптік аймақ әлемнің 63 еліне өнім шығарады. Оның 90 пайызы – өңделген өнім. Биыл экспорт көлемі – 581 млн долларға жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Марат Сұлтанғазиев айтты. Өңір экономикасының қарқынды дамуына мол инвестиция тарту оң әсер етті. Биыл облысқа 778 млрд теңге инвестиция тартылды. Инвестицияның ұлғаюымен қатар көрші елдермен ынтымақтастық та жыл санап нығаюда. Өңірдің экспорт географиясының кеңеюі – аймақтың экономикалық дамуындағы маңызды жетістіктердің бірі, деп атап өтті ол.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.