Бүгін Елордада ҚР Президентінің “Алтын сапа” сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Тәуелсіз ел экономикасын құтайтқандар тізімінде Алматы облысы 4 мәрте аталды. Үздіктерді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. “Қазақстанда бизнестің дамуына жан-жақты жағдай жасалды. Нәтижесінде тәуелсіздік жылдарында 1500 жаңа кәсіпорын іске қосылды. Заманға сай кәсіпкерлер шоғыры қалыптасты” деп атап өтті Президент.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.