Алматы облысы бойынша бұл мақсатта жыл басынан 4 айда 12 млрд теңгеге жуық қаржы төленген. Оның ішінде жүктілікке және босануға 6,5 млрд жұмсалса, бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша 5,4 млрд. теңге беріліпті. Мұндай статистиканы Алматы облысының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры келтіріп отыр. Мамандар ақпарынша, бір жолғы әлеуметтік төлемді қаңтар сәуір айларында 7731 адам алса, бір жарым жасқа дейінгі төлемді 29918 ана алыпты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.