Антикор артық ақшаның жұмсалуын тоқтатты. Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің өкілдері мемлекеттік бюджеттің 20 миллион теңгесін үнемдеп қалды. Белгілі болғандай өңірлік цифрлық технологиялар басқармасы бірқатар Цифрлық техниканы сатып алуға конкурс жариялаған. Онда көрсетілген 32 дана компьютердің әр бірі жарты млн теңгеден бағаланған. Оған қоса 515 мың теңгеден 3 ноутбук, 600 мыңнан 4 моноблок сатып алмақ болыпты. Мониторингтік тексеріс барысында тауарлардың орташа құнынан 100 пайызға дейін жоғары көрсетілгені анықталған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.