Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты тоқтату маңызды. Сол себепті Антикор өкілдері Алматы облыстық әкімдігінде жиын өткізіп, басқарма басшылары мен аппарат қызметкерлерінің басын қосты. Өңір басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Әдірахымның төрағалығымен өткен кездесу барысында сала мамандары бармақ басты көз қысты әрекеттерінің алдын алу керектігін ескертті. Облыста атқарылып жатқан шаралар мен жемқорлық тәуекелдері картасын көрсетті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.