2022 жылғы 26 қыркүйекте “Жетісу Телеарнасы” ЖШС комплаенс-қызметінің офицері Т .А. Абдрахмановпен телеарнаның техникалық және шығармашылық бөлімдерінің қызметкерлерімен жиналыс өткізілді. Т.Абдрахманов жиналысқа қатысушыларға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қолданыстағы заңнамалық актілерінің нормаларын жеткізді. Ол өз сөзінде телеарна басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша және бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бөлігінде Заңның мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді. Т.Абдрахманов қатысушылардың назарына Жетісу телеарнасы жанынан құрылған комплаенс-қызметінің мақсаты мен міндеттері туралы жеткізді. Оларға сыбайлас жемқорлық фактілерімен соқтығысқан жағдайда не істеу керек және кімге жүгіну керектігі түсіндірілді.