17.01.23 күні «Жетісу» телеарнасы» ЖШС-ның басшылығының қатысуымен арнайы жиын өтті. Басқосу барысында ағымдағы жылы атқарылатын жұмыс жоспары, қызметтік мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кездесуде комплаенс офицері Т.Абдрахманов телеарна қызметкерлеріне мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу туралы ережесін тағы бір мәрте түсіндірді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.