Алматы облысының жастары, тәуелсіздік құрдастары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Конституция күніне орай Жоңғар Алатауының шыңын бағындырды. Олар бағындырған шың басына «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығының» және «Жастар шыңының» туын тікті. Теңіз деңгейінен 3527 метр биіктікте орналасқан тау шыңын жергілікті халық «Сұйықтөбе» жайлауы деп атайды. Текелі қаласынан 85 км қашықтықта орналасқан жерге қатысушылар 6 сағатта жетті. Ал, шыңды бағындыруға 3 сағат уақыт жұмсады. Жорыққа 5 адам және түсірілім тобы қатысты. Сондай-ақ, тау етегіне және биіктікке жетпей 2 лагерь құрылды. Оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында медицина қызметкерлері де бірге барды. Алдағы уақытта жастар бағындырған шыңға жаңа атау бекітілген соң, арнайы тақтайша орнатылып, атауын гугл картаға енгізу көзделуде.
*** Ровесник Независимости Казахстана покорил вершину в Джунгарском Алатау. В Алматинской области завершился туристический поход “Жастар шыңы”, посвященный 30-летию Независимости Казахстана и Дню Конституции. В данном походе приняли участие как альпинисты со стажем, так и молодые специалисты. На протяжении всего пути восхождения на гору съемочная группа и медицинские работники были с командой альпинистов. Погода была благоприятной. В первый день покорители вершины провели подготовительные работы. На следующий день, около 6 часов утра, команда добралась до цели. Таким образом, на вершину был поднят флаг 30-летия Независимости РК. В дальнейшем, после утверждения названия вершины, мы планируем установить специальную табличку и внести ее в гугл-карту. Напомним, горная вершина, расположенная в Джунгарском Алатау Алматинской области (вершину которой местные жители называют Жайлау Суйыктобе, близ пика Дансева), находится на высоте 3527 м над уровнем моря.