Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ақсу ауданының тұрғындары баспаналы болды. Үйлі болғандардың арасында – көпбалалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар және мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Бұл санаттағы жандар 10 жылдан аса уақыт тұрғын үй кезегін күткен. Міне, армандары орындалып, 24 отбасы баспаналы болды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.