Қарасай ауданында жайылымдық жерлер аз. Бұл туралы аймақ басшысы Жасұлан Естенов баспасөз брифингінде айтты. Сөзінше, аудандағы 126,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерінің тек 70 мыңнан аса гектары ғана жайылымдыққа арналған. Сондықтан, аталмыш мәселені шешу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп, тағы 4,3 мың га жайылымдық жер уаческесі 49 жылға резервке қойылыпты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.