Бағасы шарықтап тұр. Қарасай ауданының Шамалған, Жандосов және Әйтей ауылдық округтерінің тұрғындары көгілдір отын бағасы қымбат деп наразылық танытып жатыр. Азаматтардың айтуынша “Сигма-Газ” компаниясы тарифтерді көтеріп, өз міндеттемелерін адал орындамай отыр. Осындай шағымдарды ескерген аудан басшысы мен прокуратура органдары жағдайдың мән жайын біліп, мәселені бақылауға алған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






