Қаратал ауданында ауыл әкімдерін сайлау 2 ауылдық округте өтіп жатыр. Бастөбе ауылдық округіне қарайтын Бастөбе және Жолбарыс батыр ауылдық округіне жататын Кәлпе елді мекенінде. Бұл ауданда барлығы 6 кандидат тіркелген. Оның біреуі – әйел. Үш адам партиялар мен жоғарыдағы әкімдер тарапынан, қалған үшеуі – өзін өзі ұсынғандар. Ал дауыс беруші саны бес мыңнан асады. Айта кетейік, бұл Қаратал аймағының басты ерекшелігі – көп ұлтты. 43 этнос өкілі тұрады. Осы ретте болашақ ауыл әкімдеріне аудан тұрғындарының құқықтық, әлеуметтік, экономикалық мәселелері ғана емес, ұлт пен ұлыстар арасындағы ауызбірлікті сақтау жауапкершілігі тұр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.