Қаратал ауданында ауыл әкімдерін сайлау екі ауылдық округте өтіп жатыр. Бірі – Бастөбе ауылдық округінің Бастөбе ауылында. Екіншісі Жолбарыс батыр ауылдық округінде Қалпе ауылында. Тұрғындар ауданда тіркелген 6 кандидаттың біреуін таңдауға мүмкіндігі бар. Олардың бірі – әйел адам. Үш кандидат партиялар атынан, қалған үшеуі өз-өздерін ұсынған азаматтар. Ал сайлаушылар саны бес мыңнан астам.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.