Ауылдағы кәсіпкерлер мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың игілігін көріп отыр. Тіпті өз ісін бастаймын деген қыз- келіншектер қатары көбейіпті. Мәселен “Бір ауыл – бір өнім” жобасына соңғы екі жылда 70- ке жуық ару қатысыпты. Олар тек көрмеге қатысып қана қоймай, өз өңірлерінде жұмыс орындарын да ашып жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.