Қазақстан азық-түлік жеткізуші аймақтық хабқа айналуға дайын. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басшысы “Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін пайдалану – әлемдік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады “, -деді. 2022 жылы дүние жүзі халқының 10 пайызға жуығы аштықпен бетпе-бет келгеніне тоқталды. Сондықтан, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етер жаңа жүйе құру керек деген ұсыныс айтты. Бұл сауда жүйесі дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаттарына мен ережелеріне негізделген, әрі, ашық, анық, инклюзивті болуы шарт,- деп атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттер өндіріс көлемі мен азық -түлік тауарларының экспорты мен импортына қатысты ақпараттармен еркін алмасу керек деген бастама көтерді
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.