Қазақстан – Еуразия кеңістігіндегі жетекші әрі маңызды цифрлық және қаржылық технология хабы. Бүгін Астанада ашылған «Диджитал бридж 2023» форумында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Президенттің айтуынша, бұл форум соңғы бес жылда IT индустрияның соңғы үрдістері мен даму перспективаларын талқылауға арналған Орталық Азиядағы ең ірі алаңға айналған. Форумның бірінші күнінде ЭКСПО көрме орталығына ондаған мың халық жиналды
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.