«Қазақстан халқына» қорының білім грантын иеленген 818 талапкердің тізімі шықты. Тегін оқу мүмкіндігі әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына берілді. Грант иеленгендер қатарында 177 жетім бала мен 181 ерекше күтімді қажет ететін талапкер бар. /лэд фото/ Енді олардың 1 миллион теңгеге дейінгі оқу ақысы төленеді. Сондай-ақ, 40 000 теңге көлемінде шәкіртақы беріледі. Гранттың басым бөлігі мұғалімдерді даярлауға. Атап айтқанда қазақ, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мамандығы бойынша берілген. «Құқықтану», «Құқық», «құқық қорғау қызметі» мамандығын таңдағандар да аз емес.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.