Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіптік қаласының жобасы қайта жанданбақ. Бұл істі жүзеге асыру үшін бүгін Жетісу облысының әкімі күншығыс елінің инвесторларымен онлайн кездесті. Жиын барысында екі жақты мемарандумға қол қойды. Айта келейік, өнеркәсіптік технопарк “Қорғас-Шығыс қақпасы” экономикалық аймағының аумағында орналасқан. Ауқымды нысан Қазақстан-Қытай индустриялық-инновациялық ынтымақтастық жобаларының тізбесіне енгізілген. Бұл ірі логистикалық, өндіріс орталықтардың бірі болмақ. Құрғақ портта 30 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Жалпы құны 1 трлн. теңгеден асады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






