1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 300 мыңнан астам адам қуғын сүргінге ұшыраған. Олардың 20 мыңы жазықсыздан жазықсыз атылды. Бүгін зұлмат жылдардағы сол кезеңдер облыс көлемінде кеңінен насихатталды. Кейінгі ұрпаққа жеткізілді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған шараға ардагерлер ұйымы, қоғамдық келісім мекемесінің өкілдері мен студент, оқушылар қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.