“Аялы алақан”. Бүгін Талдықорғанда медицина қызметкерлеріне ескерткіш ашылды. Бұл жаһандық дертпен күресте ел саулығы үшін өз өмірлерін тәрк еткен ах халатты абзал жандарға ел құрметі. Мүсіндік композицияның ашылуына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, ел зиялылары, медицина қызметкерлері мен пандемия кезінде қайтыс болған сала мамандарының етжақындары қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.