Бүгінгі ұлық мереке республика күнінде ақындармен батырлар елі де құр қарап қалған жоқ. Қаншеңгелмен Қопаның арасын жалғайтын 100 шақырымдық ат бәйгесін ұйымдастырып, ұлттық спорттың мерейін асырды. Әрі қопа ауылы маңына қара нөпір қауым жиналып, ақшаңқан үйлер тігіліп әр түрлі спорттық шаралардың да көрігі қызды.






